Халықтың саулығы бәрінен маңызды

Президент Қ.Тоқаев арыстықтардың жанында болып, халықпен кездесті.

Жарылыс салдарынан бүлінген нысандарды аралап көрді. Жаңа Мемлекет басшысы халыққа бір таман жақын екенін байқатты. Ол ел-жұртқа сөз беріп, бүлінген үйлерді жөндейтінін, қиналған халықтың арқа сүйер мемлекеті барын жеткізді. Қазақстанда осыған дейін талай төтенше жағдай болды. Сол оқиғалар қызып тұрғанда тікелей президенттің өзі барып, жағдаймен танысуы сирек құбылыс.

Президент Тоқаев тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажеттігін айтты. «Арыс, біз біргеміз!»акциясына әр облыс, аудандағы кәсіпорын, мекеме-ұйымдар Арыстағы қайырымдылық қорларының есепшотына қаржылай көмектерін аударып жатыр. Біз де бір күндік жалақымызды арыстықтарға аударуды жөн көріп отырмыз. Сонымен қатар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының атынан 200 мың теңгенің күнделікті тұрмысқа қажетті орамал, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар, балалар киім-кешегі, сабын т.б. бұйымдарды алып, «Нұр Отан» партиясы жанынан ашылған гуманитарлық көмек штабына тапсырдық.

Жиналған көмек Түркістан облысына теміржол қатынасы арқылы жөнелтілетінін білдік. Иә, бас амандығына жетер ештеңе жоқ. Қашанда еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Тек сабырлылық сақтап, келер күн жақсы болсын деп тілейік.

М.ШУАҚБАЕВ, Атырау облыстық

Денсаулық сақтау басқармасының

Махамбет аудандық орталық

ауруханасы ШЖҚ КМК

директорының міндетін уақытша атқарушы.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521