Жастар бар жерде жалын бар

Жастар ресурстық орталығында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Махамбет аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің ІІ тоқсанына арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ресурстық орталық мамандарымен «Жастар бар жерде жалын бар» атты кездесу ұйымдастырылды.

Оған пробация қызметі бөлімшесі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар қатысты. Кездесуді аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұргүл Ташекенова ашып, жастар жылына орай ҚР бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөніндегі жоспарды іске асыру, ІІ тоқсанға орай ұйымдастырып, баяндама жасады.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Б.Сегізбаев жастардың басын қосқан орталық өз жұмысын 2013 жылдың ақпанында бастағанын, ауданда тіркелген 14-29 аралығында 7667 жас барын, біраз жұмыстар атқарылып, жастар ұйымдарына қолдау көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті. Пробация қызметі сотталғандарды қайта қоғамға бейімдеп, қайтарып, жұмыссыздықты жою екенін, жеке кәсіп ашып, егін егіп, оны әрі қарай дамытуды ойлауды, кәсібін нәсібіне айналдыру үшін қоғамға пайдалы іс жасау да артық етпейтінін түсіндірді.

Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Н.Ташекенова «Жаңылмайтын жақ, қателеспейтін жан болмайды» дегендей, енді тура жолдан таймай, жақсылық жасауға ұмытылып, жақсы жетістіктерге жетейік деген ізгі тілегін айтып, Жастар ресурстық орталығы мамандарына ризашылығын білдіріп, кездесуді қорытындылады.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT