Орман-тоғайды өрттен қорғайық!

Өрт - тілсіз жау. Әсіресе, жаз айларында ор­ман-тоғайда, кең өлкеміздің таби­ғатында өрттің шығуы жиі кезде­седі.

Қауіпті өрттің туындау себебі неде? Жаз шығып, күн ыси баста­ғанда, қыстай қар астында жатқан қураған шөптер орман-тоғайға өрт қауіптілігін туғызады. Жеке шаруа қожалық­тары көктемгі егіндіктің орнын дай­ындап, мал жайылымын та­зар­тамыз деп, былтырдан қалған шөптерді өртейді. Ал өрт жүз­деген, мыңдаған гектарға же­тіп, орман-тоғайға өтеді.Бұған қоса адамдардың орман-тоғайда өртке қарсы ере­желерді білмеуінен немесе білсе де өртке қарсы ережелерді сақта­мауынан орын алады.

Демалушылардан кей­ін өшірілмей қалған от алау­лары, автокөлік пен тракторлардан шыққан ұшқын, сөндірілмеген темекі қалдығы дала өртінің басты себебі болып табылады. Осының сал­дарынан қурап тұрған шөп тұ­та­нып, үлкен өртке айналады. Өрт шыққан сәтте жел соғып, дауыл тұрып, қас-қағым сәтте үлкен ал­қап жанып кетеді. Өткен жыл­дан қалған шөпті өртеу дала өртіне ұласатындықтан халық арасында үгіт-на­сихат жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Өрттің құрбаны болмас үшін қандай алдын алу шараларын жүр­гізу керек? Орман-тоғайға демалуға барған демалушылар сөндірілмеген те­ме­кі қалдығын, жағылған сірің­кені тастамай, от алауын өшіріп,артына еш­қандай із қалдырмай барлық қоқысты өзімен жи­нап алып кетуі керек. Мұны әр адам өз­дерінің парызы ретінде санауы қажет.

Рүстем ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ, Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521