Жасанды интеллект - ауыл өмірінің жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында «Жасанды интеллект дәуірін» жариялап, еліміздің технологиялық жаңғыру жолына түскенін атап өтті. Бұл жаңалық тек ірі қалалар үшін ғана емес, ауылдық жерлердегі әрбір отбасы үшін де маңызды.
Ауданымыз тұрғысынан қарасақ, Жолдаудағы міндеттер күнделікті өмірімізге тікелей қатысты. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу арқылы ауылдағы білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларын жаңғыртуға болады. Бұл ауыл тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттырып, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Жолдауда әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби кадрларды даярлау мәселелері нақты көрсетілген. Бұл бағыттар ауданымыздың даму жоспарына тікелей әсер етіп, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
Жолдаудағы бастамаларды жүзеге асыру – ауылымыздың өмірін жаңғыртып, тұрғындарға заманауи қызмет көрсетуге, жас мамандарға мүмкіндік беруге және ауданымыздың тұрақты дамуына жол ашатын маңызды қадам болып отыр.

Гүлдана Сәдуақасова,
Белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT