Мәдениет саласын дамыту- Жолдаудың  маңызды бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Жасанды интеллект дәуірі» тақырыбы басты назарда болды. Бұл – елімізді жаңа технологиялық өркениетке бейімдеуге, әрбір салада жаңашылдық енгізуге шақыру. Жолдау тек ірі қалалар үшін емес, аудандық және ауылдық деңгейде де маңызды міндеттерді айқындап отыр.
Аудандық мәдениет саласы үшін бұл Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Заманауи технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектты пайдалану арқылы мәдени қызметтерді жаңа деңгейге көтеруге болады. Мысалы, ауылдағы кітапхана қорларын цифрландыру, көрме залдарын виртуалды турға айналдыру, шығармашылық үйірмелерде онлайн сабақтар өткізу, мәдени шараларды әлеуметтік желілер арқылы кең аудиторияға жеткізу – осының бәрі Жолдауда көрсетілген бағыттарға сәйкес келеді.
Сонымен қатар, Жолдауда аймақтарды дамыту, жастарды білім мен жаңа технологияларға тарту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселелері ерекше атап көрсетілген. Бұл бағыттар мәдениет саласына да тікелей қатысты. Ауылдағы балалар мен жастарға арналған үйірмелерді заманауи құралдармен қамтамасыз етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік бар. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалану арқылы аудан тұрғындарын мәдени өмірге тарту, оқыту, қызықты және пайдалы іс-шаралар ұйымдастыру жеңілдейді.
Жолдаудағы тапсырмаларды орындау – бұл тек міндет қана емес, ауданымыздың мәдени және әлеуметтік өмірін жаңарту, тұрғындардың мәдени сауаттылығын арттыруға жол ашатын маңызды мүмкіндік.

Б.Маратұлы,
Ортақшыл ауылдық «Самал» мәдениет үйінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT