Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өткен аптада аудан көлемінде «Жұмыспен қамту» акциясы мен «Каникул» жедел профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.
Полиция есебінде тұрған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Жұмыспен қамту» акциясына мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудандық полиция бөлімінің басшылығымен және жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, «Нұр Отан» партиясы жастар қанаты филиалдар мен ата-аналар комитеті өкілдерінің қатысуымен өткен «Каникул» жедел профилактикалық іс-шарасы екі күнге созылды.
Аталған іс-шара жасөспірімдердің заңды өкілінсіз түнгі мезгілде әр түрлі ойын-сауық мекемелерінде, сауда орындарында жүру, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сату және басқа да құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын-алу мақсатын көздейді.
Ж.Ділмағамбетова,
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Ювеналды полиция тобының учаскелік
полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты
Сурет:дереккөз