2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы және бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өсті.
Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерінде (2019 жыл –ЕТК мөлшері 29698 тг), яғни 31183 теңге жәрдемақы алып келді. Енді 2019 жылдың 1 шілдесінде мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға берілетін жәрдемақы мен бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшеріне дейін көбейді. Демек 41578 тг құрады (29698х1,4).
З.Аманбаева, «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық
филиалдың әлеуметтік қамсыздандыру
бойынша аудандық бөлімінің басшысы