"Жас кəсіпкер" жобасы бойынша 308 кәсіпкер грантқа ие болды

Атырау облысында "Жас кəсіпкер" жобасы бойынша 600 адам оқытылып, оның 308-і өз ісін ашуға грантқа ие болған.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы сомасы 29.1 млрд теңге болатын 94 жоба бар. Осы бойынша облыста 7.6 млрд теңге болатын 21 жоба мақұлданған.

Сонымен қатар, өткен жылы Атырауда алғаш рет "Атырау облысының тұрақты əлеуметтік-экономикалық даму скринингі" жүргізілген. Скрининг аясында қаланың жəне облыстың барлық аудандарынан 54 мыңнан астам респондент қамтылған. Нəтижесінде 600-ден астам ерекше бизнес түрлері анықталып, бүгінгі күні оның 200-ден астам жоба іске асырылған. Жобалардың орташа құны 7 млн теңгеге дейін екен. Атырау облысы Кəсіпкерлер палатасы аймақта кəсіп ашып, өз нəсібін табуға ниетті азаматтар өте көп екенін айтады.

Өңірлік палатаға ағымдағы жылғы кəсіпкерлерген 300 жазбаша өтініш түсті, оның ішінде 190 – құқықтарын қорғауды сұраған. Оның 100-ден астамы кəсіпкерлердің пайдасына шешілді "Атамекен" Ұлттық кəсіпкерлер палатасы "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының 4-ші бағытының операторы болып табылатындығы белгілі. Бизнесті сервистік қолдау аясында 1765 шағын жəне орта кəсіпорындар үшін 1943 қызмет ұсынылды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 7 мыңға жуық адамға кеңес берілді. "Бизнес мектеп" жобасының аясында бизнес-тренерлер іс ашуға ынталы азаматтарға тренингтер өткізеді, - дейді Атырау облысы Кəсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Ідірісов.

Өткен жылы "100 сауда орны" жобасына 50 жер телімі берілген. Қазіргі таңда қалада 10 сауда нүктесі жұмыс жасап тұр. Атырау облысы Кəсіпкерлер палатасы басшыларының айтуынша, аймақтағы кəсіпкерлер жер учаскелері бойынша ақпаратқа еркін қолжеткізу, бизнес үшін гранттар беру жəне екінші деңгейлі банктермен берілетін мемлекеттік қаржыны алуды оңайлату туралы мəселелерді жиі айтады екен.

Біз кəсіпкерлердің өтінішін аяқсыз қалдырмаймыз. Биылға да жоспарымыз көп. Əкімшілік кедергілерді азайту, кəсіпкерлерді қаржыландыру, сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы -2025" бағдарламасы бойынша қолдау көрсету мақсатында жұмыстанып жатырмыз. Оған қоса, жергілікті өндірісті арттыру, жиһаз жасау жəне құрылыс материалдарын шығару өнеркəсіптерін дамытуды қолға алдық,- дейді Атырау облысы Кəсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Ідірісов.

Дереккөз:BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT