Аудандық сотта талап қоюшы ММ-нан жауапкер М-ға берешек соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Іс құжаттарында талап қоюшы ММ-сі жауапкер М-ға берешек соманы өндіру туралы талап арызымен жүгінген. Талап арыз түскеннен кейін 5 күн ішінде тараптар татуласу келісіміне келіп, татуласу келісімін бекітуді сұраған.
Сотпен талап қоюшы ММ-нің жауапкер М-ға берешек соманы өндіру туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісім келесі жағдайлар бойынша бекітілді: жауапкер М. республикалық мемлекеттік бюджетке «Қазпошта» АҚ арқылы әр айдың 10-шы жұлдызына дейін 22 323 теңгеден төлеуге міндеттенген. Төлем мерзімі 2020 жылдың 10 ақпанынан басталып, 2020 жылдың 10 қарашасында аяқталады.
Талап қоюшы талап қою арызынан келісім-шарт негізінде бас тартқан. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз