Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Ауылдық жерде халық парақорлық дертімен бетпе-бет келуі жиі бола бермейді. Кездескен жағдайда ешкімге жария етуді қажет деп есептемейді. Сол тұрғыда көптеген жиындарда, жеке кездесулерде жиі айтылып, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Тәрбие басы мектепте десек, мектеп оқушыларына тақырыптық кездесулер, ауылдық кітапханамен бірігіп шаралар өткізіліп келеді. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттігін түсіндірудеміз.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себептерін сараласақ, оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы.Округ бойынша өткен жылы түскен өтініштерге уақтылы жауап беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Жылдың жырты жылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жүргізіліп отырады. Онда персоналды басқару, кадрлардың ауысуы дұрыс қойылған. Бюджеттік мекемелер бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Мемлекеттік қызмет көрсетуде де заң бұзушылық болған емес. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарыны қатаң сақталады. Осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзге де мәселелер бойынша ауыл тұрғындарынан сыни пікірлер болмағандығын айтқым келеді.
Шынында да, біз адал қызмет жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие болатынымыз сөзсіз.
Гүлнар Нұрғожа, Алға ауылдық
округінің бас маманы
Сурет:дереккөз