Ел тарихындағы маңызды белес

Мемлекет басшысының биылғы жолдауы «Сындарды қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен барлық аймақтарда да қызу талқыланып жатыр.

Болашаққа батыл қадам жасауға мүмкіндік беретін Жолдау үлкендерге де, жастарға да ерекше ұнады. Жолдауда біріншіден, жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін қолға алынатындығы қуантады.

Сонымен бірге көпшілікті толғандыратын баспана мәселесі де Жолдауда ерекше аталып өтілді. Жолдаудағы «Баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру қажет» дегені көңілге қуаныш ұялатады. Оның үстіне «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі» дей келіп, жұмыссыздықты азайтудың, жергілікті бюджетті нығайтуға үлес болатыны туралы да баса айтты.

Тіл –үлкен саясаттың құралы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңіне жету үшін жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек деп Президент шегелеп айтты. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы жалғасатынын, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жолдарын, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту, «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттігі айқын көрсетілді. Әсіресе, ұстаздар қауымы үшін қуанарлық жағдай – мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақысын арттыру – болашаққа деген сенімнің кепілі.

Мемлекет басшысы Жолдауында Ұлы Абайдың 6-қарасөзіндегі «Бірлік – ақылға бірлік» деген қанатты сөзін келтіріп, береке мен бірлік, ақыл мен парасат халықты алға бастайтынын шамшырақтай көрсетіп берді.

Қ.Қазиев, Талдыкөл орта

мектебінің директоры

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521