Жәрдемақыны заңсыз алғандар жауапкершілікке тартыла ма?

Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен осы сұраққа жауап берген спикер Серік Хамидолла жұмысы бола тұра, жәрдемақы алғандардың қаражатты мемлекетке кері қайтаруы әркімнің өз таңдауы екенін айтты.

"42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы жұмыс жасап жүріп, ақысыз күнге кеткен азаматтарға арналған. Ал, жұмысы бола тұра, алынған жәрдемақы алғандар қаржыны Каspi.kz қосымшасы арқылы кері қайтара алады. Қазіргі таңда төлемді кері қайтару мәселесі республика бойынша көтеріліп жатқан жоқ" деп нақтылады Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Десе де, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шатенованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 10 адам төленген жәрдемақыны әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы мемлекет қазынасына кері қайтарған.

Атырау облысы бойынша

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі

шұғыл штабы 

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT