Дау мұраты - біту.
Махамбет аудандық сотында талап қоюшы ЖШС-нің жауапкер М-дан қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша, М-ның жауапкер ЖШС-не мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Сот талқылауына дейін тараптардан істі олардың қатысуынсыз қарау туралы және талапкер мен жауапкер арасында қол жеткізген бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш келіп түсті. Өтініште жауапкер М. талапкердің банктік шотына 80 000 теңге қарыз сомасын аударуға, осы бітімгершілік келісімнің 1.1.тармағында көрсетілген сомаларды төлеу төлем кестесіне сәйкес толық өтелгенге дейін әр айдың 25-не дейін ай сайынғы төлемдер жолымен жүргізуге міндеттенді.
Талап қоюшы 1.1-тармақтарда көрсетілген құжаттарды қабылдайды және жауапкерге қойылған талап қою талаптарынан бас тартады. Талап қоюшы ЖШС-сы қарсы талап-арыздан бас тартты.
Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды. Осылайша, тараптар арасындағы дау жанжал бейбіт жолмен шешілді.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз