Жанұя тыныштығын бұзғаны үшін 4 тәулікке қамаққа алынды

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2020 жылғы 16 қаңтар күні, құқық бұзушы А.өзінің үйінде жанұя тыныштығын бұзып, былапыт сөздер айтып, әкесінің мазасын алған.

Сотта құқық бұзушы А. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді.

Жәбірленуші М. өзінің ұлы құқық бұзушы А-ға заң талаптарына сай шара көруін сұраған.

Сотпен А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Атырау облысы Махамбет аудандық

сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521