Өңірімізде жаңа заң бойынша жеті жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды

Атырау облысында жаңа заң бойынша жеті жүргізуші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Атырау облыстық әкімшілік сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2020 жылдың басынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің өзгеріс енгізілген 608-бабы бойынша мас күйінде көлік тізгіндеген жеті жүргізушінің ісі қаралды. Сот заңнаманың жаңа талабына сәйкес, заң бұзғандардың барлығын 15 тәулікке жазасын өтеуге жіберді. Сондай-ақ, олар жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бұдан бұрын алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізген немесе жол-көлік апатына себепкер болған жүргізушілер тек 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылатын еді.

Дереккөз:inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT