Жанарың сөнбесін

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінде аудандық мүгедектер қоғамының конференциясы өтті.

Оған «Қазақ соқырлар» қоғамының мүшелері, ұйымның 23 көз мүгедегі қатысты. «Қазақ соқырлар» қоғамы қоғамдық бірлестігі жоғары басқарма мүшесі, Атырау бойынша төрағасы Болат Кустанов Мұхитұлы Атырауда орталық басқармасының шешімімен конференция өтетінін, жалпы Қазақ соқырлар қоғамында 20 мыңдай мүше болса, облыс бойынша 500-дің үстінде адам барын, басты мақсат- мүдде-мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға қосуды көздеп отырғанын меңзеді.

"Қазақ соқырлар" қоғамы қоғамдық бірлестігі Атырау филиалы Жұмағазы Мақсот Абдоллаұлы жалғады. М.Абдоллаұлы Мақатта да үлкен жиын өткенін, инвотаксиге газель автокөлігі берілетінін, диалезге апаратын арнайы көлік барын, инвотакси тек Махамбет ішінде жүру қарастырылған, ол қалаға, Таңдайға бармайтынын айтып, қоғам атына хат жазуды қаперледі.

Сарайшық ауылының тұрғыны Д.Истурганов өзінің 1 топ мүгедегі екенін, 1978 жылғы берген пәтердің тозып, әбден ескіргенін, төбедегі шатырлары сынып жатқанын, ауыстыруды қажет ететінін айтып, қоғам тарапынан қандай көмек барын сұрады. 

Қоғам мүшесі Артур Мырзағалиев инватакси тек қалада барын айтып, ауданға да ауадай қажеттігін, өзі үш рет диалезге баратынын, тұратын көшелерінде тасжол жоқтығын, жаңбыр жауса, ми батпаққа батып, жүретінін еске салып, тасжол салынса деген ұсынысын тастады. Қазақ соқырлар қоғамының мүшесі Данияр Бертілеуов 2014 жылдан бері көз мүгедектігін алатынын, газ, жарыққа жеңілдік берілсе деген ұсынысын тастады.

Алмалы ауылынан келген зейнеткер А.Есқалиев қоғамға мүше болғанына 10 жылдай болғанын, республикаға іс-тәжірибесі тарағанын, «Құрмет белгісі» орденін, сондай-ақ «Қазақстан патриоты» медалін кеудесіне тапқанын еске салып, осы медальға Т.Кенжаливті ұсынды. Ал таңдайлық ардагер Ғ.Сарсенбиев медицина саласына онша көңілі толмайтынын, ауырғанда демалыс күндері ауылда бір ине салатын медбике таппай қиналатынын, порталға тіркелу, емханаға жату үшін анализ алатын Олимп мамандары да шаруасын бітірмегенін айтып, ренішін жасыра алмады.

Облыстық конференцияға делегат ретінде қоғам мүшелері- Теміржан Кенжалиев, Батырбек Сатыбалдиев, Амантай Есқалиев сайланды. Жиынды қоғам төрағасы Т.Кенжалиев қорытындылап, облыстан келген, округтен келген қоғам мүшелеріне алғыс айтты. Шара одан әрі «Сұлтан-палас» мейрамханасындағы қайырымдылық түстігіне жалғасты.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521