Сыбайлас жемқорлық – сыйлық беруден басталады

 Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады.

Яғни, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу немесе беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету және басқа осындай қылмыстардың барлығы сыбайластық жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық – лауазымды адамның өзінің билік өкілеттілігін және өзіне берілген құқықтарын белгіленген ережелерге қайшы жеке басының пайдасына қолдануы. Бұл термин көбіне бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты қолданылады. Жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе – билік өкілеттігін пайдалана отырып, экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал басты қаупі – оны әшкерелеу мен жазалау. Сыбайлас жемқорлық жақсы жағдайға ие болу үшін сыйлық жасау дағдысынан бастау алады. Қымбат сыйлық адамды өзге сұраушылардың арасынан бөлуге, даралауға, сол үшін заңды аяққа басуға алып келеді.Парақорлық – сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табумен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар, пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жемқорлық тек парамен ғана шектелмейді. Күресті алдымен сыйластықтың өзінен бастау керек.

Сыбайластықтың тамырына балта шабылса, жемқорлықтың жолы кесілері анық. Сыбайластықты қоздырушылар – жерлестік, тамыр-таныстық байланыстар. Сыбайлас жемқорлықтың жылдан- жылға ұлғаюы аталған әлеуметтік кеселмен күресті күшейтуді қажет етеді. Сондықтан да, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

А.ІДІРІСОВ, ҚР АШМ АӨК МИК-нің аудандық аумақтық инспекция басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521