Бақылаушыларға міндеттері түсіндірілді

Атырау облыстық "Аманат" азаматтық платформасы өкілдері аудандық орталық кітапханада тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйрету болды. Кандидаттың сайлау штаб-пәтері және өзге де сайлауға қатысты аймақтарда заң бұзу фактілері тіркелсе, онда бірден қандай әрекеттер жасау керектігі туралы кеңестер берілді. «Аманат» азаматтық платформасының кординаторы Марта Қанатова «Аманат» азаматтық алаңының негізгі ұстанған бағыты туралы түсінік берді.

– Елімізде өткелі отырған Президент сайлауы адал да әділ өтуін бақылау үшін «Аманат» азаматтық платформасы құрылды. Негізгі мақсаты – сайлау барысына қоғамдық мониторинг жүргізу. Біздің ұстанымымыз – әр сайлаушы өз кандидатына дауыс беруге құқылы. Сайлау бойынша бар ақпарат ашық болуы тиіс. Қоғам электроалдық барлық кезеңді қадағалауы керек. Әр сайлаушының пікірі ескерілуі қажет. Қазіргі уақытта осы іске мүдделі азаматардан және сарапшылардан 250 ден астам ұсыныс түсті. Соның негізінде ең өзекті деген 5 бағыт нақтыланды. Бірінші бағыт бойынша әрбір азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар уақтылы жасалуы қажет. «Аманаттың» екінші бағыты – сайлаушылардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік беру. Оларға құқықтары туралы заңгерлік кеңес беру.Үшінші бағыт – әділдік. Ол үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау желісін құрылады. Құқық бұзушылық фактілері анықталса, ол туралы жедел ақпарат беріледі. Төртінші бағыт – келісім. Осы бағыт негізінде барлық тараптың пікірін құрметтеуге басымдық беріледі. Тәуелсіз диалог платформалары мен пікірталас алаңдары құрылады. Ал бесінші бағыт – сенім. Қоғам мен мемлекет арасындағы тең ынтымақтастық құру болып табылады. Жалпы Махамбет ауданы бойынша 20 сайлау участогінің барлығына бір бақылаушыдан қойылады. Аудан аумағында сайлаудың әділ өтуі өздеріңізге аманат, – деді Марта Төлеуқызы.

Келесі кезекте «Бибі Саз» жастар ұйымы, қоғамдық бірлестігінің жетекшісі,«Аманат» азаматтық платформасының Махамбет ауданы бойынша мобильді капитаны Бибігүл Набиева сайлау кезіндегі бақылаушылардың құқықтары, міндеттері қандай қызмет атқаратындарын толық түсіндіріп өтті. Семинар соңында барлық қатысушыларға блокноттар мен сертификат табысталды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521