Атырауда жол инфрақұрылымын жаңартудың үшжылдық жобасы қабылданды.
«Биыл Атырауда жол инфрақұрылымын жаңартудың үшжылдық бағдарламасы қабылданған болатын. Ауқымды жаңғырту жобасына жолдарды кеңейту, тас жол төсеу және заманауи көше жарығын орнату кіреді. Қазіргі уақытта 11 көшені қамтитын 35 км жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 15 км автожол жөнделді. 9 км велосипед жолы, 53 мың квадрат метр жаяу жүргіншілер жолы жасалды», - деді Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.
Әкім қала көшелеріндегі ауқымды жұмыстар жалғасын табады деп мәлімдеді. 1 қаңтардан бастап Атырау қаласы ғана емес, Махамбет ауданындағы Алмалы және Береке ауылдарына да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа тас жол қала сыртындағы елді мекендерге де төселеді.
Дереккөз:inform.kz