Гендерлік саясатты насихаттады

Махамбет аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Гулшат Сағынова «Гендерлік теңдік- қоғам талабы» тақырыбында сот мамандары арасында дәріс өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Г.Сағынова іс-шарада қазіргі заманда әйел қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүргендігін сөз етті.

Қазіргі таңда елімізде гендерлік стратегия деңгейі жоғары болған сайын отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелілік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болатынын тілге тиек етті. Ол «гендер» сөзіне жеке тоқталып, бұл ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтынын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары, рөлдердің жиынтығы екенін қаузады.

Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық қызмет екендігі айтып өтті. Сонымен қатар сот кеңсесінің бас маманы А.Косымбаева қоғамда гендерді қалыптастыру бағытында жыл басынан бері аудандық сотта арнайы жоспар жасақталып, оның орындалуына аса мән беріліп отырғандығын айтып өтті.

Сот судьялары мен мамандары, басқа да мекеме өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстелдер, дәрістер оқылып, аудандық басылым беттеріне үздіксіз мақалалар жарияланып отырғандығын айтып, аталған шаралардың қоғамдағы гендерлік қатынастардың реттелуіне оң әсерін тигізерін жасырмады. Іс-шара соңында аудандық сот мамандары гендерлік түсінік бойынша сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін білдірді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT