Қазақ даласындағы билердің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауымен мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешкен.
Жоғарғы Сот бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстың бір көрінісі ретінде «Бітімгершілік – сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасын айтып өткен жөн, себебі жоба барлық жаққа да тиімді әрі қажетті. Бұл жоба шеңберінде еліміздің барлық аймақтарында көптеген шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтсақ, облыс бойынша көптеген медиация кабинеттері ашылып, бітімгершілік институтын дамытуға, ел ішіндегі даукестікті, соттағы жүктемені азайтуға бағытталған – «Билер кеңесі» ашылып, дауларды сотқа дейін бітімгершілік келісіммен шешу аясы кеңейіп келеді.
Осы жоба аясында Махамбет аудандық сотында Татуластырау орталығы, отбасылық, билер кабинеттері ашылды. Билер кеңесінің арқасында көптеген отбасы, азаматтарымыз шешілмеген түйінді мәселелерін шешіп, билерімізге алғыстарын жаудыруда.
Бүгінде Махамбет аудандық сотында ажырасу алдында тұрған отбасылар билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов, кәсіби медиатор, билер кеңесінің мүшесі Ж.Мұғауовамен кездесіп, шаңырағын сақтап қалуда маңызды сұрақтары мен шешілмеген өзара мәселелерімен бөлісіп, татуласу бағытында моралдық тұрғыда үлкен көмек алды.
Өз тілшіміз
Сурет:дереккөз