Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев қаланың сол жақ жағалау бөлігіне арналған кәріздік тазарту кешенінің (КТК) құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде нысан бойынша негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ендігі кезекте технологиялық жабдықтарды орнату, монтаждау және кешенді іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды толық аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Еске сала кетейік, нысанның құрылысы 2017 жылдың қараша айында басталды. Аталған кешен бас канализациялық станция мен тазарту алаңдары, тазартылмаған және тазартылған ағындардың қысым коллекторы, сондай-ақ биологиялық тоғандар мен булану алқаптарының алаңын қамтиды. Мұндай тазарту жүйесі Қазақстанның бірнеше қалаларында ғана қолданылады.
Жаңа кәріз суын тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін, көптеген жылдар бойы қала тұрғындарының тарапынан шағым тудырып келген "Сасық сай" алаңы жабылатын болады.
Сарқынды су ағыны булану алқабына түспес бұрын, кәріз-тазарту станциясының көмегімен тазартудың толық кезеңінен өтеді. Ол арқылы тек кәріз суларымен бірге жер асты сулары, топырақ және ауа тазартылатын болады.