Қазақстан Ұлттық банкі 10 маусымнан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналымнан шығатынын хабарлады.
Алайда ескі және жаңа үлгідегі банкноттар қатар қолданыла береді. Ескі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабына қайшы келеді.
Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. 10 маусымнан кейін, яғни айналымдағы ескі 500 теңгелік банкноттарды қолдану мерзімі аяқталған соң:
.екінші деңгейлі банктер қатар айналыстан шыққан күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақшаға айырбастайды;
.Ұлттық банк филиалдары екінші деңгейлі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.
«Осылайша, 2020 жылдың 10 маусымынан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды. Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді», - делінген.
Сурет:дереккөз