№218 сайлау учаскесінен ауылымыздағы бірқатар зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дауыс берудің тасымал жәшігі үй-үйлерге жеткізілді.
Солардың ішінде зейнеткер анамыз Нәсіп Үрбісінова да өз таңдауын үйде отырып-ақ жасады. Қарттығы мен денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмаса да, сайлау жәшігін әркез асыға күтетін анамыз ақ батасын берді.
«Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Ұлық мейраммен қатар келіп жастақн сайлау сапалы, әділ өтсін. Халықтың үні жерде қалмасын. Тілегі орындалып, тек тыныштық заман болсын» деді апамыз өз сөзінде.