Бейбарыс ауылдық округінің №225 сайлау учаскесіне шетелдік байқаушылар келді.
Өздерін АҚШ-тың және Ресей Федерациясының азаматтарымыз деп таныстырған олар аудармашы арқылы өз сұрақтарын қойды. Сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері мен дауыс берушілердің санын сұраған олар дауыс берушілер мен өзара диалог құрып жатты. Жалпы мұндай саяси науқан барысында шетелдік байқаушылардың қатысуы да сайлаудың әділетті өтуінің бірден бір кепілі. Ақтан ауыз тиіп, дәм татқан қонақтар қазақ халқының қонақжайлығына алғыс айтып, ұлттық мейрам қарсаңында өтіп жатқан сайлауға сәттілік тіледі.