Тегі өзге болғанмен, тілегі қазақ Маргарита да өз дауысын берді

Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылдық округі көпұлтты, интернационалды ауыл екенін баршамыз жақсы білеміз.

Бұл жере қиын-қыстау заманда ата-бабалары қазақ халқының қамқорлығын көріп, кейін қоныстап қалған кәріс, дұңған, урмуд т.б ұлт өкілдерінің ұрпақтары көп. Олар қашанда осы жерде туып-өсіп Қазақстанды атамекені санап кеткен. Қайсібір маңызды оқиғаларда азаматтық борыштарын бірінші қойып, өз үлестерін қосып отырады. Олардың тегі өзге болғанмен тілегі қазақпен бірге қашанда.

Солардың бірі Маргарита Михайлова да бүгін отбасымен келіп сайлауға өз дауысын беріп кетті. Маргарита урмуд ұлтының өкілі болғанмен қазақша еркін сөйлейтін, қазақтың қарапайым келіншегі. Ол балаларын да осы кезден отансүйгіштікке тәрбиелеп, сайлауға ерте келіпті. Комиссия төрайымы Мәншүк Жаленова да дауыс беруге келген ауылдасын мерекемен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT