Зейнетақы қорындағы ақшаларды алуға рұқсат берді

 Қ.Тоқаев Жолдауда зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігі барын айтып, зейнетақы қорындағы ақшаларын алуға рұқсат берді.

Жолдауда: «Мен үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мысалы, үй сатып алу немесе білім алу мақсатына пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын» деді Мемлекет басшысы.

Бұл жағымды жаңалық екен. Әсіресе, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болатыны қуантады. Қазір елімізде тұрғын үй мәселесі өткір тұр. Әркімнің үйін бір жағалап, пәтерден-пәтерге көшіп жүргенше, зейнетақы қорын өзіне тұрғын үй алуға жұмсаса, қандай ғанибет болар еді.

Махамбетте тұратын туысқан сіңлім баласы екеуі он үш жылдан бері пәтер жалдаумен күн кешуде. Әр адамның зейнетақы жинағына тұрғын үй алуға рұқсат берілгені аса құптарлық жайт деп білемін.

Ж.Мұғауова, аудандық

аналар кеңесінің төрайымы.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT