Жасөспірімдер мен балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жаңа оқу жылының қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты мекен-жайы және оқу орнында көлік ортасына бейімделуі мақсатында аудан көлемінде «Абайлаңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Полиция бөлімі жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп, мектеп және мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде 2019-2020 оқу жылына балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу жөніндегі жедел профилактикалық іс-шараның жоспарына сәйкес жұмыстар арқарылады.
Ж.Ділмағамбетова , Махамбет ауданы
полиция бөлімі Жергілікті
полиция қызметі бөлімшесі
кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі учаскелік полиция
инспекторы, полиция аға лейтенанты
Сурет:дереккөз