Зейнетақы заңнамасына өзгерістер енді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына соңғы кездері енгізілген өзгерістерге қатысты кешенді мәселелер бойынша үнемі ақпарат беріп келеді. Таяуда БЗЖҚ Махамбет филиалында да «ҚР зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Ашық есік күнін Махамбет ауылындағы ҚКО басшысы Ринат Қадыржанов ашып, зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнатақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі, басқа да мәселелерді қозғады. Оның айтуынша, зейнатақы жүйесінің құрылымы туралы біліп, түсіну болашақ зейнеткерлерге, зейнет жасына жақындағандарға да артық етпейді. Бұл зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді. Бұл жайт, зейнеталды жасындағы азаматтарға, еңбек жолын енді бастаған жастарға да тиесілі. Өйткені, болашақ төңірегінде, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлану қажет. Ол болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазірден бастап ойластыруға мүмкіндік береді.

«Ашық есік» күні бағдарламасы аясында «ҚР зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» атты көрнекі таныстырылым көпшілік назарына ұсынылып, онда зейнетақы заңнамасына енгізілген, болашақта енгізілетін өзгерістер, базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы да қаперленді. Сала мамандары аталған өзгерістердің зейнетақы заңнамасына осы жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мақсатында енгізілгенін де меңзеді. Қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері, алға қойған мақсат-міндеттер жайында толыққанды мәліметтер алды. Мамандар зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнетақы тағайындау тәртібінің өзгеруі, басқа да жайттар туралы салымшыларды хабардар етті.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT