Әскери қызмет өтеудің баспалдағы

Өз Отанын қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті. Бұл ғасырлар бойы кең -байтақ кеңістікті қазақ жерін жат жұрттық басқыншылардан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келген ата-бабаларымыздың даңқты ерлік дәстүрі.

Осынау даңқты дәстүрлерді байытып, ертеңгі күнге жалғастыру, әрине, жас ұрпақтың еншісіндегі дүние. Ал, сол тарихи деректерді талдап, тарқату, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, олардың бойына отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухын дарыту баршамыздың ортақ міндетіміз. Жылдан-жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің, жалпы әскери қызметтің беделі артып келеді. Оған Отан алдындағы борышын өтеуге ынталы жастар санының арта түсуі дәлел. Бұдан бөлек, арнаулы және жоғары әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіруші жасөспірімдердің қатары да жыл сайын көбейіп келеді. Жастардың осынау жақсы талпынысы көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстан Республикасының Президенті Республика Қарулы Күштерінің жоғары бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев дербес әскерімізді құрып, қорғаныс саласын нығайтуға ерекше қамқорлық жасап келеді.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 12 бабын орындау мақсатында, Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери – техникалық мамандар дайындауға Атырау қаласындағы филиалында әскери-техникалық мектепке ақысыз негізде оқуға әскери- техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша дайындауға жиырма екі жасқа дейінгі әскерге шақырылушыларға оқуға мүмкіндіктер бар. Оқу кезінде әскерге шақырылушылар далалық киім-кешекпен, үш рет тамақтандырумен және монша-кір жуу қызметтерімен бар казармада тәулік бойы тұрумен қамтамасыз етіледі. ӘТМ филиалдарында әскери- техникалық мамандықтар бойынша оқыту аяқталғаннан кейін, әскерге шақырылушылардың осы санаты ҚР Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде 2018 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке міндетті түрде баруы тиіс болады.

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕЗЕРВТІ ДАЯРЛАУ

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында, Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі әскери-техникалық мамандар дайындауға Атырау қаласындағы филиалында әскери-техникалық мектепке:

1.Ақылы оқуға әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша дайындауға жиырма екі жастан жиырма жеті жас аралығындағы денсаулығына байланысты әскерге шектеулі жарамды, әскери міндетін атқаруға кейінге қалдырылғандар және үйленген азаматтарды оқуға шақырамыз. Оқу мерзімі 40 күн. Оқу ақысы 263 318 теңге болады.

2.Азаматтарды іріктеу және бағыттау Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде жүргізіледі. Оқу бітіргеннен кейін әскери билет Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы беріледі. Оқу кезінде (жұмыс жасайтындарға) жұмыс беруші жұмысшыларға оқу демалысын ұсынады. Осы мерзімде жұмыс орны сақталады.

3. Жоғарыдағы айтылған ақпараттар бойынша сұрақтармен Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ( Махамбет селосы, Абай көшесі №11), немесе 2-25-22, 2-14-70, 8-(778)-906-07-08 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Е.САПАРГАЛИЕВ,

келісім шарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімшесі бастығы, капитан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521