Ұлы тұлғалар мерейтойлары атап өтіледі

 Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында еліміз үшін маңызды мәселелерге тоқталып өтті.

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында :

«Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғалардың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек. Сондай-ақ ең маңызды мереке-Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін» делінген.

Алда қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызындай болған Ұлы Абайдың 175 жылдығы келеді. Сонымен қатар шығыстың шынары, атақты ғұлама әл-Фарабидің 1150 жылдығы да атап өтіледі. Жолдауда сондай-ақ келер жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетіні де айтылыпты.

Мемлекет басшысы бұған кітапхана, музей, архив, театр қызметкерлері кіретінін меңзеген.

Өз басым бұл өте орынды көтерілген мәселе деп ойлаймын.

Ә.Есенғалиев,

аудандық мұрағат басшысы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT