Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың осы жолғы Жолдауында жұрттың қызығушылығын тудырған өңірдің ілгері басуына, халықтың әлеуметтік жағдайына, денсаулық, білім және мәдениет саласына ықпал ететін мәселелер көтерілді.
Білімді ұрпақ-ұлт болашағы десек, ұрпаққа білім беретін мұғалімдердің мәртебесін көтеру елеулі мәселе болуы тиіс. Сондықтан биылғы жылғы тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырғандығы және бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөзі мұғалімдердің еңсесін бір көтеріп тастады.
Президент әр салаға терең тоқтала отырып, келер жылы әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойлары және ең маңызды мереке – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды ұйымдастыру барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуге баса назар аудару керек деген сөзі жас ұрапақты отаншылдыққа тәрбиелеуге айқын жол екендігі көңілге зор сенім ұялатады. Тағы бір жағымды жаңалық, зейнетақы қорының белгілі бір бөлігін тұрғын үй алуға немесе білім алуға жұмсауға мүмкіндік жасайтындығы туралы сөзі.
Бұл да халықтың әлеуметтік жағдайына деген үлкен көзқарас.
Л.Адильшиева,
Ақтоғай орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Сурет:дереккөз