Үй жағдайында медициналық бетпердені қалай жасауға болады?

Әлем жұртына қауіп төндіріп тұрған коронавирус ауруы пайда болғалы қорғаныс бетперделеріне деген сұраныс көп болып жатыр.

Бұл қауіпсіз бетперделерді үй жағдайында өзіңіз жасасаңыз да болады. Бетперделер арзан әрі ұзақ уақыт қолдануға болады.

Дәкеден тігілетін бетпердені қалай дайындаймыз?

Дәкеден бетперде тігу ұят емес. Көп реттен пайдалануға арналған бетперделерді 8 қабаттап, медициналық дәкеден де тіккен дұрыс. Оларды жуып, үтікке басып, қайта пайдалана беруге болады. Атырау қаласында еріктілер ұлттық оюмен безендірілген медициналық бетперде тігуді бастағанын білеміз.

Ауданымызда да Дания, Гауһар, Алмагүл, Лариса, Ләззат, Гүлжиһан сынды тігіншілер үйден бетперде тігіп, таратуда. Біздегі бетперделердің құны 100-200 теңгені құраса, облыс орталығында кей тігіншілер үйден 400 теңгеден тігіп, сатып жатқанын білеміз.

Жалпы елімізге 45 млн бетперде қажет көрінеді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT