Антисептикті үй жайында дайындаудың 3 тәсілі

Елімізде белең алған аты жаман аурудың алудың бірден-бір жолы - үйден негізсіз шықпау, жылы су ішу, салқын тигізбеу, антисептикалық тазартқышты жиі қолдану, қолды 72 пайыздық кір сабынмен кемінде 20 секундқа дейін жуу, вирустан сақтағыш бетперде тағып жүру секілді бірнеше сақтық шараларын алу.

Жалпы дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып қалып жатады. Ал кішігірім елді мекен, ауылдарда тіпті қалмаған. Мұндай антисептикті үй жағдайында да жасауға болатынын қаперлейміз.

Сіздерге үш түрлі рецепті бойынша жасалған антисептикті ұсынамыз.

Бірінші рецепті бойынша 50 мл 90 пайыздық медициналық спирт, 30 мл глицерин, кез келген эфир майынан 5 тамшы(апельсин, грейпфрут, жалбыз) қосу керек. Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құйған жөн. Міне, антисептик дайын, қолдана беруге болады.

Екінші рецептке сай 50 мл су, 50 мл спирт тұнбасы(түймедақ, дәрілік қырмызыгүл), 30 мл глицерин, 5 тамшы лимонның эфир майы керек. Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.

Үшінші рецептіні дайындау үшін 7 тамшы шай ағашының эфир майы, 50 мл спирт тұнбасы(түймедақ, 1 ас қасық алоэ гелін қырмызыгүл керек. Бәрін араластырып, дозаторы бар ыдысқа құю керек. Бұл микробты жақсы залалсыздандыратын қасиетке ие. Тағы бір антисептик дайындау тәсілін ұсынғанын айта кетейік. Оны дайындау үшін 830 мл спирт, 40 мл перокись водорода, 14 мл глицерин қажет. Үшеуін 50 мл-дей сумен араластырасыз да, ауа кірмейтін ыдыста, салқын жерде сақтайсыз. Көшеге шыққан кезде шағын ыдысқа құйып алғаныңыз абзал.

Мамандардың айтуынша, сонымен қатар вирустан сақтандырудың басты жолы - гигиена сақтау, қолды жиі сабындап жуу, ал сыртта жүрген жағдайда қолды антисептикпен жиі сүртіп отырған жөн. Ұсынылған антисептик құрамы кез келген дәріханаларда сатылады. Бағасы да қолжетімді. Жалпы құрамында спирті бар антисептиктің кез келгені бактерияны жоюға қауқарлы. Бірақ дәрігерлер мүмкіндігінше спиртті 70 пайыздан кем емес антисептикті пайдалануға кеңес береді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT