42 500 теңгені алу жолы оңайлатылды

Елімізде қауіпті індетке қарсы күрес күшейтіліп, сақтық шараларын арттыру мақсатында төтенше жағдайға байланысты бірқатар шағын және орта субъектілер және оның жұмыскерлері, дара кәсіпкерлердің т.б. жұмыстары тоқтатылып, жалақысы сақталмайтын демалысқа кетуге мәжбүр болуда. Бұл жерде ондай азаматтарға жалақы қалай төленеді деген сұрақ туындайтыны заңды.

Қазіргі таңдағы қолданыстағы құқықтық актілерге сәйкес, алдымен бұл төлем шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмыскерлеріне, карантин енгізілген елді мекендерде ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлеріне, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, медиатор), бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар мен нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, жеке тұлғалардың қызметі уақытша тоқтатылған жағдайларда тағайындалады.

Ескерте кететін жайт, егер сізді үйде отырып жұмыс істеуге жіберіп, жалақыңыз бұрынғыша төленетін болса немесе ақшасы төленетін еңбек демалысына жіберілген болсаңыз, онда сізге 42 500 теңге берілмейді.

Аталған төлемді алу үшін төлемді алу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін қосып жібереді.

"Электрондық үкімет" веб-порталындағы "Электрондық өтініш" сервисі арқылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш беріледі. Өтінішке осы жоғарыда көрсетілген құжаттардың сканерленген версиясын қамтитын электрондық файл қоса беріледі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

Бірінші жолы – «Электронды үкімет» порталы арқылы. Аталған сервис арқылы әр адам өз мәліметін толтыруы қажет. Оған ЭЦҚ немесе СМС арқылы құпиясөз алумен қол қойылады.

Екінші жолы – Арнайы сайт. Бүгінде egov.kz жүктемесі тым көп болғандықтан, министрлік ВТS компаниясымен бірлесіп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем үшін арнайы сайт әзірледі. Үшінші жолы – Telegram-ботты пайдалану. Портал мен сайтқа кіру үшін компьютері жоқ адамдар үшін мобильді телефон арқылы Telegram-ботты пайдалануға болады. Бұл қосымшаны жүктейсіз, оған өз мәліметтеріңізді енгізесіз.

Бұл туралы толық мәлімет: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында, фейсбук парақшасында жарияланып, өзге де әлеуметтік желілерде таратылатын болады.

Бүгінде ауданымызда әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі құрамы 9 адамнан тұратын штаб құрылып, осы мәселелер бойынша жұмыс жасауда. Табысынан айырылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемге бүгінде аудан бойынша egov.kz порталы арқылы 2 адамнан өтініш келіп түсті. Оның біреуі, құжаттарының толық болмауына байланысты кері қайтарылса, екінші өтініш иесінің құжаты «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа» жіберілді. Ол адамға әлеуметтік төлем тағайындалғаны немесе тағайындалмағаны туралы жауап адамдарға мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарланатын болады.

А.Сейлова,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT