№215 сайлау учаскесіне қарасты ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үй-үйін аралап, сайлау жәшіктері жеткізілді. Учаскеге барлығы 12 өтініш келіп түскен. Басым көпшілігі денсаулық жадайына байланысты шақыртып отырған қарттарымыз екен. Олардың әрқайсының ел болашағы үшін дауыс беруді асыға күткендері көрініп тұрды. Тыл ардагері, Еңбек ардагері, ауданға еңбек сіңірген ұстаз Ақсұлу Балтабаева мен Тыл ардагері,көпбалалы ана Әмина Саматова әжелеріміз бүгінде 90-ға таяған шағында тағы бір мәрте Тәуелсіз Қазақстанның кезектен тыс Президент сайлауына қатысып отыр. Тағдырдың талайын көрген, заманның қиындығын шыдас беріп осы күнге жеткен аналарымыз елге ақжарма тілектерін жаудырып, батасын берді.
Тыл ардагерлері де сайлаудан тыс қалған жоқ
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 505