Этникалық шешен ұлтының өкілі Хамзат Зубариевке сайлаудың жылжымалы жәшігі жеткізілді.
№215 сайлау учаскесінде тіркелген азамат бүгінде денсауылығына байланысты қоларбада отыр. Бірақ дауыс беруге алдын ала өтініш білдірген ол өз таңдауын жасамас бұрын, қайсыбір қиын замандарда шешендерді қолдаған, демеген қазақ халқына алғысын айтты. Махамбетте тұрып жатқанына 10 жылдан асқан Хамзат Зубариев, «Президент сайлауында өз таңдауымды жасап келемін,әділдікке сенемін» -деді өз сөзінде.