Ардагерлер үйден дауыс берді

№220 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Сарытоғай ауылының үйден дауыс беруге өтініш білдірген 34 сайлаушысына жылжымалы жәшік апарды.

Олар көп жылдар бойына Махамбет аудандық өкпе аурулар ауруханасында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Балзира Ихсанова, алма бақтың алғашқы отырғызушысы, агроном, ардагер Уәли Рақымжанов, «Жайық шұғыласы» газетінің ардагері Бағыт Көшербаев тағы басқалар. Денсаулықтарына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген ауылдың ақсақалдары мен ақжаулықты әжелер, таңдауларын жасады. Үйден дауыс беруге жағдай жасаған жастарға алғыс айтып, баталарын берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521