Жергілікті полиция қызметі «Тұрмыс» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізуде.
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар мен 20 ақпан айы аралығында аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында алкогольдік маскүйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, көше мен қоғамдық орындардағы алкогольдік мас күйдегі адамдарды жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтап, олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға жол беретін спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдаланатын адамдарды ішкі істер органдарының есебіне қою бойынша тиісті ұйымдастырушылық –практикалық шаралар қабылданады.
А.Калиева,
аудандық ПБ-нің Жергілікті полиция қызметі
бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлар
тобының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
аға инспекторы полиция капитаны
Сурет:дереккөз