Наурыз айында 13 күн демаламыз

2020 жылы наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді. Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.

21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда) демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521