Тұлғаларымыз ұмытылып қалмасын

Өңірімізде өмір сүрген тарихи тұлғалардың тарих бетінен ұмыт қалып бара жатырғаны алаңдатады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңінде» Жолдауында ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыру міндеті қойылды.

Осы орайда мені Жайық өзенінің Шығыс бетіндегі кең алқаптан XVII- XVIII- XIX- XX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың тарих бетінен ұмыт қалып бара жатқаны алаңдатады. Бұл өңірде айтулы батырлар да, билер де өмір сүрген. Олардың өмірлері мен істері жастарға үлгі. Солардың бірі Есет Қараұлы. Айтулы батыр, би, шешен, жырау болған адам. Мұрат Мөңкеұлының рухани ұстазы, Мұраттың әрідегі, шежіреден қазып айтуы осының әсері. Бөдене Байтілеуұлы. Нұралы ханның тұсында Беріш руының старшинасы болған. Орынбор генерал- губернаторы Негелстронның жарлығымен Кіші жүздің басқару реформасына байланысты даулы мәселелерді шешетін шекара сотының мүшесі болған.

Мұрат ақын жырлағандай:

- Әуелден Беріш ағасы Себек еді, Айналып, Қыдыр қонған Көбек еді. Аунатып, ақ киізге хан қойыпты, Байұлы бір жиында Бөденені,- депті. Орыс басқыншыларына Жайықтың Шығыс бетіне қала бекініс салуларына қарсы тұрған тарихи тұлға. Тайлан батыр. Әбілқайыр ханның мыңбасы болған. Қалмақтарға қарсы қырғын салған айтулы батыр. Айтуар би. Баймағамбет сұлтанның кеңесші билерінің бірі болған.

Мұрат ақынның «Сарыарқа»атты толғауында:

- Хан ұлы қара халық жиналғанда, Құдайым Айтуар демеп еді,- дейді. Бұл өңірде бұлардан басқа да қырыққа жуық батырлар, жиырмадай билер мен әулиелер жатыр. Олардың жатқан жерлерін анықтау, құлыптастарын оқу, белгі қою-ұрпақтың міндеті.

Базар ӘМІРҰЛЫ,

зейнеткер. Алға ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT