Сотталған азаматшаларға білім берілуде

Әйелдер түрмесінде жаңа оқу жылы басталды.

 Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазасын өтеуші әйелдерге арналған орта білім беретін мектеп пен кәсіптік колледж 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды.

- 2020-2021 жаңа оқу жылы қайта жаңғырып, Атырау облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп орта білім мектебі және кәсіпттік колледжі есігін айқара ашты,- дейді УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

- Бүгінгі күні елімізде орын алып отырған «COVID-19» пандемиясына байланысты оқу үрдісі кейсттік (қағаз жүзінде) режимінде орындалуда. Кәсіптік колледжде тігінші, аспаз, шаштараз, кондитер мамандықтары бойынша 50-ден астам студент, ал мектепте 10 оқушы білім алады. Мекемеде жаза өтеу барысында сотталған азаматшалар уақыттарын босқа өткізбей, оны білім алуға жұмсап отыр. Мекемеде білім алып босатылған соң дипломмен жұмысқа орналасуға көмектесеміз, - деп атап өтті Аджикулов.

Айта өту керек, осында білім алып, бостандыққа шыққаннан кейін кәсіптерін дөңгелетіп отырған әйелдер де бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT