Шетелдік жұмыс күшін тартуға және пайдалануға рұқсат алған жұмыс берушілер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін өз қызметкерлерінің болу мерзімін (визасын) ұзартуға өтініш беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан басқа да азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы» 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №754 қаулысына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қолдану мерзімдері аяқталған кіруге және шығуға рұқсаттар (визалар), уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар, еңбек иммигранттарына берілген рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 1 қарашаға дейін жарамды деп танылады.
Үкімет республика аумағында қолдану мерзімі аяқталған немесе 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде аяқталатын жеке басын куәләндіру құжаттарын, сондай-ақ шетел азаматтарының болуына рұқсат берілген мерзімдерін қолдануға жарамды деп тану туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, уақытша және тұрақты тұруға, еңбек иммигранттарына берілетін рұқсаттарды ресімдеу және мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ визалар беруді, соның ішінде, құжаттарының пайдалану мерзімі аяқталған немесе осы уақыт аралығында аяқталатын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларға мемлекеттен шығуға да визаларды беруді қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан шығып Мемлекеттік шекараның жабылуы себебінен 180 күнтізбелік күннен аса кірмеген тұрақты тұратын иммигранттарға қатысты 16 наурыздан 1 қарашаға дейінгі кезеңде мемлекет аумағында болмаған мерзімі саналмайды. Жеке куәліктендіру құжаттарын, визаларын, еңбек иммигранттарына және шетел жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге рұқсаттары ұзартылмаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. Мемлекетте болу мерзімі аяқталған немесе осы уақыт аралығына дейін кезеңде аяқталатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға осы жылдың 1 қараша айына дейінгі кезеңде әкімшілік әсер ету қолданылмайды.
Сонымен қатар 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей әуе жолдары (туристік мақсаттар үшін тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) жандандырылған мемлекеттердің азаматтары санынан Германия, Нидерланды, БАӘ, Оңтүстік Корея шетел азаматтарын шақыру басталғандығын хабарлаймыз.
Е.ДЮСЕНБАЕВ,
Махамбет АПБ КҚҚТ аға инспекторы полиция капитаны