Тоқаев: халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді дамудың жаңа кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев Қазақстан жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келе жатқанын атап өтті.

"Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады", - деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

Мемлекет басшысы қазір Қазақстанды дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын айтты.

"Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз. Осының барлығы менің сайлауалды бағдарламамның негізі болды. Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын", - деді Тоқаев.

Sputnik.kz

Сурет:дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT