Театрдың атағы бар, үйі жоқ...

Қазірде заман жақсы, тұрмыс-жағдай жақсарып келеді. Елді мекендерде, ауылдарда мәдениет үйлері, спорт алаңдары салынуда.

Алайда, Атыраудан 40 шақырым, Ақ Жайықтың жағасындағы «Өнерлі ауыл» атанған Махамбет ауданы Алға (17-ауыл) селосында әлі күнге жаңа заманға лайық «Мәдениет үйі» жоқ. «Ауылына қарап азаматын таны!» деген халқымызда жақсы сөз бар. Бұл ауылда жас ұрпақтарды білім мен өнерге сусындатқан, жүректеріне рухани азық сыйлаған аудандағы жалғыз «Алға» халық театрының негізін қалаушылар: - Аңыз адам, «Халық мұғалімі», «Атырау облысының Құрметті азаматы» Қ.Айтқалиев, мәдениет, спорт саласының ардагері 45 жыл аталған өнер ұжымының режиссері болған «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» М.Оңдағани тұрады. Академик А.Жұбановтың шәкірті болған, өнер зерттеуші ғалым, Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, домбырашы - Т.Мерғалиев, облысымызға танымал ақын-журналистер Ж.Төлегенов пен А.Мырзағалиевтер де осы ауылдың перзенттері еді...

Өткен ғасырдың 70-90 жылдарында ауылдағы «Алға» халық театры, «Самал» мәдени-үгіт бригадасы (екеуінің де режиссері – М.Оңдағани), «Ұзақбаевтар семьялық ансамблі» (же- текшісі Т.Ұзақбаев) өнері республикамызға танымал болды. «Халық театры» мен мәдени-үгіт бригадасының белсенді мүшелері: -облысымызға танымал өнерпаздар: Ә.Үмбетова, Т.Ұзақ- баев, Қ.Тұраров, М.Сырлыбаев, К.Сүйінов, С.Әуелбаев, Б.Ашықов, Ж.Жұмашқалиева, Ә.Батқашев және осы жолдардың авторы өнердің бастауын туған ауылдан бастаған едік. Сол кездері ауыл жастарын әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет пен өнерге, рухани құндылықтарға тәрбиелеуде ауылдағы мәдениет ошағы ішіндегі «Шежіре», «Өнер» эстетикалық клубтарының да атқарған істері аз емес.

Ұлы Отан соғысы (ҰОС) еңбек, тыл ардагерлері: Х.Атуллин, Қ.Иманғазиев, А.Байдолов, С.Бисенов, Ж.Қожахметов, Т.Нұрғалиев т.б. ағалармен болған кездесу сәттері, олардың жас ұрпақтарға айтқан естеліктері үлгі-өнерге болып, тарих бетіне жазылды... «Бұлақ көрсең көзін аш!» деген ауылымызда аға ұрпақтардың жолын қуып, өнерін жалғастырып келе жатырған есімдері облысымызбен республикаға танымал өнер қырандары көп-ақ. Олардың өнерін шыңдау үшін заманауи кең сахна, экран, күшейткіш аппаратуралар, музыкалық аспаптармен жабдықталған жаңа мәдениет үйі керек-ақ! Ауылдағы «мәдениет үйі» деп аталатын ғимарат 1960 жылы салынған бұрынғы ескі клуб үйіне орналасқан. Кейінгі уақыттарда күрделі жөндеу, қосымша бөлмелер салынғанмен де ескінің аты - ескі... Көрермендер залы - шағын, сахна өте тар, бөлмелер аз әрі аласа, қазіргі заман талабына сай емес. Осыған орай Астана мен Алматыны айтпағанда бұрындары облыс орталығынан жиі келетін өнер ұжымдары, театр, филармония әртістері көптен ауылға ат басын бұрмайтын болды. «Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары» - деген...

Менің осы мақаланы жазудағы себебім – жоғарыдағы мәдениет пен өнерге байланысты көкейде жүрген ойларымды айта келе, кіндігімнің қаны тамған, туып-өскен ауылымның төл перзенті, әрі өнер иесі болғандықтан Алға селосында жаңа заманға сай, еңсесі биік, көруге көз тартар «Мәдениет үйі салынса...» - деген тілегім бар.

Нәсіпқали ТӨЛЕГЕНОВ,

ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521