Бас бостандығы бәрінен қымбат

Ата Заң кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты болып табылады.

Өркендеп-дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Конституцияны құрметтеу-біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституция – ел тірегі. Ең басты міндетіміз –адам өмірін сақтау және оның құқығы мен бостандығына нұқсан келтіруге жол бермеу. Тәуелсіз елдің тұғырын биіктетіп, тамырын терең жаюына ықпал еткен Ата Заңға биыл 23 жыл толғалы отыр. Бұл елін-жерін сүйетін, заңын қадірлейтін, Отанын құрметтейтін әрбір азамат үшін ұлық мереке. Әркез қай жұмысқа да үлкен жауапкершілікпен қараған абзал. Мәселен, біз өмірде шалыс қадам жасап, жаза басқан сотталғандармен жұмыс істейміз. Жаза басқан жандардың жұмысқа орналасуына, медициналық, құқықтық қызметтер алуына жауаптымыз. Оларды көзден таса етпей, үнемі қадағалап отырамыз. Олардың енді қайтып темір торға тоғытылмау жағын ойластырып, жұмысқа орналасып, отбасын асырауына жағдай туғызамыз. Бірақ біздің қоғам сотталғандарды бірден қатарына қабылдай қоймайды. Қай мекеме де сотталған десе, үрке қарайтыны жасырын емес. Әлі де болса, оларды жұмысқа орналастыруда қиындықтар бар. Біздің жұмыста ұсақ-түйек деген болмайды. Әрі тәжірибені біліммен ұштастырған артық етпейді. Заңдарды жетік білген дұрыс. Жұмыс барысында заң талаптарын бұлжытпай орындау керек. Әр пробация инспекторы өз міндетіне мұқият, дер кезінде оны жауапкершілікпен атқарып жүр. Күн-түн демей жұмыс атқаратын инспекторлардың үй жұмысына қолы тие бермейді. Жұмыстың сапалы болуы отбасындағы ахуалға қатысты. Мен де барынша отбасыма көңіл бөліп, балаларыма әкелік қамқорлығымды көрсетуге тырысамын. Айбары асқақ елімнің Ата Заңын бұлжытпай орындап, ел тәуелсіздігінің кепілі болған Конституцияның негізгі міндеттеріне сай заң аясында ел игілігі үшін адал еңбек етуді өз парызым деп санаймын.

Нұрлан ҚАБДОЛОВ,

аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің бастығы,

әділет майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521