«Таза Қазақстан» акциясы - Индерде

Индер — Қарабау тас жолы бойынан бастап Димаш төбесіне дейінгі аралықта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, таза орта қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

Акцияға ауданның 20 мекемесінен 124 адам қатысты. 2 арнайы техника құрал-жабдықтары жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 4 тонна қоқыс жиналып, тиісті орындарға шығарылды.

Осы шараның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және табиғатты қорғау бойынша қоғам назарын арттыру. Аудан тұрғындарын болашақта да осындай тазалық акцияларына белсенді қатысуға шақырамыз. Бірге экологиямызды сақтап, таза болайық!

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT