Тауып алған 5 миллионды қайтарып, 15 миллионның пәтеріне ие болды

Түлкібастық Нұрсұлтан Әміров ішінде 5 миллион теңгесі бар әмиян тауып алып, күтпеген жерден олжаға кенеледі.

Алайда ар-ұяты мен адалдығын жоғары қойған жас жігіт әмиянның иесін тауып, қайтарып береді. Нұрсұлтанның жақсылығы көп ұзамай Алладан үш есе болып өзіне қайтып келеді. Жас отбасы арнайы ұтысқа қатысып 15,5 миллион теңгенің пәтеріне ие болады.

Жақсылыққа жаны құмар адамның жолы қашанда ашық болатынын осы оқиғадан айқын көргендей болдық. Нұрсұлтан 2016 жылы Алина есімді қызбен бас қосып отбасын құрады. Сол жылы Петропавлдағы оқуын бітіріп, елордадағы Ұлттық ұланға жұмыса орналасады. 2017 жылы EXPO халықаралық көрмесі кезінде 5573 әскери бөлімінің жасағы қомақты әмиян тауып алады. Сол кезде бұл жасақтың кезекшісі лейтенант Нұрсұлтан Әміров болған екен. Әміров көп ойланбастан, ішінде 20-25 дана еуро купюрасын, шамамен, 5 миллион теңгесі бар әмиянды ІІД қызметкеріне апарып берген. Осылайша, арнайы жасақтың арқасында қыруар сомасы бар әмиянның иесі табылған. Сол үшін Әміров бастаған ұландықтар марапатқа ие болады.

Биыл жары Алина арнайы ұтысқа қатысады. Кейін ол туралы ұмытып та кетеді. Осы жылы жас отбасында Айбар есімді сәби дүниеге келеді. Айбармен бірге, жаңа пәтер ұттыңыздар деген қуанышты хабар да келіп жетеді.

-Қазір күйеуім аға лейтенат, өзім отбасылық дәрігер мамандығында оқып жатырмын. Нұр-сұлтанға көшіп келгелі пәтер жалдап тұратынбыз. Биыл біз үшін қос қуаныш қатар келді. Ұлды болдық және пәтерлі болдық. Бұл Алланың күйеуімнің жақсылығын еселеп қайтарғаны деп білемін,- дейді Нұрсұлтанның жары Алина.

Өз тілшіміз

Сурет:Дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521