Татуласу келiсiміне келді

Сот ұйғарымымен татуласу келісіміне келді.

Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы К. жауапкер КМК-на шарттың бөлігін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды. Іс құжаттарында көрсетілгендей, талап қоюшы К. жауапкер КМК-на шарттың бөлігін заңсыз деп тануды сұраған. Сот отырысында талап қоюшы К. татуласу келісіміне келулеріне байланысты 8 қаңтар 2020 жылғы татуласу келісімін бекітіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Жауапкердің өкілі де сот отырысында татуласу келісіміне келулеріне орай іс жүргізуді тоқтатуды сұрапты. Сотпен талап қоюшы К-нің жауапкер КМК-на шарттың бөлігін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша тараптардың татуласу келiсiмі бекітілді.

Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшымен еңбек шарттың 2 бөлігі еңбек заңнамасының талабына сай жасақтауға 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін міндеттенеді, ал талап қоюшы қойған талабынан бас тартады.

Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

К.Сапарқызы 

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT