Аудандық сот ғимаратында БАҚ өкілдерімен Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Қадырғалиев сот саласында 2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарға байланысты брифинг өткізді.
Сот төрағасы алдымен өткен жылдың 12 айындағы жұмыстарды саралады. Ол сот өндірісіне 353 азаматтық іс түсіп, қаралғанын, 12 айында 62 іс іс жүргізумен тоқтатылғанын, 20 іс татуласу келісімін бекітумен аяқталғанын меңзеді. Медиациялық келісімді бекітумен 27 іс қаралса, оның 27-і судья медиатормен аяқталғанын, оның 2-і партисипативтік келісіммен біткен екен. Он екі ай ішінде 534 әкімшілік іс қаралғанын білдік.
ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Д.Асановтың «Татуласу-дауды шешудің тиімді әдісі» үндеуі соңғы кездері дау-жанжалды реттеудің маңызды көзі болып отырғанын да еске салды. Аудандық сотта «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында «Отбасылық сот», «Смарт сот» пилоттық жобалары жүзеге асты. Жобаларды насихаттау мақсатында соттың судьялары, ауданымызда құрылған «Билер кеңесі» мүшелері 7 ауылды аралап, сотқа дейінгі татуласуға шақыру, отбасылық және смарт сот төңірегінде әңгіме өрбітіп, сот жүйесіндегі соны жаңашылдықтар, ашықтықты жариялау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенін айта кеткен абзал. Сонымен қатар Билер кеңесінің ашық есік күндері ұйымдастырылып, аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында «Билер» кабинеті ашылғанын айта кетейік. Ол жерден қабылдауға келген азаматтар заң тұрғысанан көмек алды.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасына жауапты деп судья С,Амантаев бекітілді. Ғимаратта «Отбасылық сот» кабинеті ашылып, онда неке бұзу азаматтық істері, отбасының тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері бойынша татуласу судьяларының, алқа билердің, кәсіби медиаторлардың әңгімелесуінің арқасында шаңырағын бұзбай, татуласқан азаматтар аз болмады. «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында аудандық әкімдікпен арнайы меморандум жасақталды. Мұндағы басты мақсат - отбасын сақтап қалудың алдын алу, балалардың толыққанды жанұяда тәрбиеленуіне жағдай жасау еді.
Жалпы 2019 жылдың 12 айына көз жүгірсек, 82 неке бұзу туралы азаматтық іс қаралыпты. Оның ішінде 26 іс медиациялық келісімді бекіту арқылы жүзеге асса, 4 іс татуласу келісімін бекітумен аяқталған. Бір іс қараусыз қалдырылып, 46 іске шешім шыққан. Әкімшілік істер бойынша отбасы пилоттық жобасы аясында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен-114 әкімшілік істер қаралып аяқталған. Оның ішінде 89 іс медиациялық тәртіпте татуласты. Сондай-ақ «Вертуалды сот» жобасы бойынша (TrueConf)-16 азаматтық іс, 2 қылмыстық іс, 13 әкімшілік іс қаралған. Сонымен, өткен жылдың 12 айына жоспарданған шаралар толық орындалып отыр. «Жайық шұғыласы» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына байланысты 10 мақала жарық көрді.
Сот қызметкерлерімен тіл мәселесіне қатысты «Жаңа форматтағы жұмыс және сотқа жаңа электрондық қызмет көрсету», «Жолдау шегінде соттарды жаңғыртудың негізгі бағыттарын түсіндіру», «Тиімді сот төрелігі - бүгінгі күннің талабы», «Соттарды цифрландыру» мақалалары шықты. Жастар арасында отбасы құндылықтары насихатталып, медиация кабинетінің ашық есік күні өтті. Жалғансай ауылында «Медиацияның артықшылықтары» атты дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылды. Сот төрағасының азаматтарды қабылдауы әр сәрсенбі сайын сағат 15.00-ден 17.00 аралығында, аудан орталығынан шалғай жерден келетін тұрғындар үшін аптаның барлық күндерінде қабылдау жүргізілді.
2019 жылдың 12 айы ішінде сот төрағасының қабылдауында 22 адам болып, заңдылық тұрғысында түсінік алды. Судья алдағы уақытта сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру, медиаторлармен жұмысты күшейту, мемлекеттік тілде қаралатын істердің санын арттыру, БАҚ-мен өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар тапсырмалар алға қойылғанын атап өтті.
Сот төрағасы журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды.
А.Қуанышқалиева